Жарияланды: 540

ҚР шекара қызметінің күшімен өткен аптада мемлекеттік шекараны бұзған 147 адам ұсталды

Өткен бір аптада ҚР ҰҚҚ шекара қызметінің күшімен мемлекеттік шекараны бұзған 147 адам ұсталды ,- деп хабарлайды ҚР шекара қызметінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ, шетелдік 14 азамат Республика аумағынан шығарылып, заңсыз контрабандаға қатысты 12 оқиғаның жолы кесілді.

Мәселен, Ақтау шекара отрядының "Даля" күзет жасағы Қазақстан аумағына 5,5 тонна жанармайды жасырын алып өтпек болған ЗИЛ-131 жүк автокөлігін ұстады. Ал Тараз шекара отрядының "Қосат" шекара бекетінде автокөлігіне 9 кг (героин болуы мүмкін) есірткі затын жасырып өтпек болған Ресей азаматы тұтқындалды. Материалдар мен тәркіленген заттар ҰҚҚ органдарына табыс етілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть