Жарияланды: 390

ҚР СІМ Бангкок полициясымен туристік орталықтағы қуатты жарылысқа орай тұрақты байланысқа шығуда

ҚР СІМ Бангкок полициясымен туристік орталықтағы қуатты жарылысқа орай тұрақты байланысқа шығуда

ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкоктың іскерлік жəне туристік орталығында орын алған қуатты жарылыстан зардап шеккен

немесе қаза тапқан еліміздің азаматтарының бар-жоғын нақтылау үшін Бангкок полициясымен жиі байланысқа шығуда.

"Бангкок полициясының қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында біздің мемлекеттің азаматтарының жоқ екендігі туралы ресми əрі соңғы мәліметін күтудеміз", - деп жазады ҚР СІМ ресми өкілі Алтай Абибуллаев Твиттердегі парақшасында.
Айта кетейік, Бангкокта іскерлік және туристік орталықта болған жарылыс салдарынан 12 адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін