ҚР СІМ басшысы Е. Ыдырысов жұмыс сапарымен ҚХР-ға барды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ басшысы Е. Ыдырысов жұмыс сапарымен ҚХР-ға барды

ҚР СІМ басшысы Е. Ыдырысов жұмыс сапарымен ҚХР-ға барды

Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ресми сапармен Қытай Халық Республикасына келді. ҚР сыртқы істер министрінің сапары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары мен биыл мамыр айында Шанхайда өтетін АӨЫСШ-ның 4-саммитіне қатысуының қарсаңында өтіп жатыр.

  • 19 Наурыз 2014
  • 530
Фото - Caravan.kz


Бұған дейін ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибулаев хабарлағандай, еліміздің сыртқы саяси ведомство басшысы Ерлан Ыдырысовтың ҚХР-ға сапары барысында тараптар екіжақты және көпжақты ынтымақтастық мәселелерін, аймақтық аспектілерді, сонымен бірге, БҰҰ аясындағы ынтымақтастықты талқыға салады.
Қазақстанның сыртқы саяси ведомство басшысы сапарының бағдарламасындағы алғашқы шара ретінде оның Қытай халықаралық зерттеулер институтында Қытайдың ғылыми және сарапшылар алдында сөз сөйлеуі жоспарланған.
Кейін ҚР СІМ басшысы ҚХР СІМ министрі Ван И және ҚХР төрағасының орынбасары Ли Юаньчаомен кездеседі.
Бейжіңде ҚР СІМ ҚХР-да тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус үшін брифинг өткізеді. Онда Е. Ыдырысов сөз сөйлейді деп күтілуде.
Одан кейін министр қазақ ақыны әрі ойшылы Абайға арналған ескерткіштің ашылуына қатысады. Аталған шара сәрсенбі күні Бейжіңде өтеді.