ҚР СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерімен алдағы саммиттің күн тәртібін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерімен алдағы саммиттің күн тәртібін талқылады

ҚР СІМ басшысы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерімен алдағы саммиттің күн тәртібін талқылады

ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Шанхай ынтымақтастығы ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттердің ұлттық үйлестірушілерін қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 13 Маусым 2011
  • 352
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында ұлттық үйлестірушілер министрді 10-12 маусымда өткен ұлттық үйлестірушілер кеңесі отырысының қорытындысымен таныстырып, Астанада өтетін саммиттің күн тәртібіне дайындық барысын талқылады, ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер басшыларының кездесулерінде қол қоюға ұсынылған құжаттарды қарады, делінген дүйсенбі күні таратылған ақпаратта.

Кейін министрлікте ШЫҰ ұлттық үйлестірушілері мен бас хатшысы Мұратбек Иманәлиевтің қатысуымен «Қазақстан: ел және адамдар», «ШЫҰ-ға 10 жыл» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Сонымен бірге, Е.Қазыханов республикада өз миссиясын аяқтаған Эстония елшісі Марина Кальюрандқа Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің құрмет грамотасын тапсырды.

Эстония дипломатына қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының марапаты «қазақстандық-эстониялық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін» беріліп отыр, делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар