ҚР СІМ Беларусьтегі есепшінің ұсталуына қатысты жаңа деректерді айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Беларусьтегі есепшінің ұсталуына қатысты жаңа деректерді айтты

ҚР СІМ Беларусьтегі есепшінің ұсталуына қатысты жаңа деректерді айтты

ҚР сыртқы істер министрлігіндегілер Беларусь Республикасындағы ҚР елшілігінің бұрынғы аға есепшісінің ұсталуына қатысты түсінік берді, -

  • 6 Қаңтар 2017
  • 500
Фото - Caravan.kz

ҚР сыртқы істер министрлігіндегілер Беларусь Республикасындағы ҚР елшілігінің бұрынғы аға есепшісінің ұсталуына қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстводағылар 2012 жылдың қараша айынан 2016 жылдың қаңтар айына дейінгі уақыт аралығында Сейдуәлиев Қазақстанның Беларусь Республикасындағы елшілігінің аға есепшісі болып қызмет еткенін растады.

"ҚР елшілігінің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталған соң және сол құрылыстың 2015 жылдың желтоқсан айында Қабылдау комиссиясынан өткеннен кейін атқарылған жұмыстарға қатысты есепте жетіспеушілік анықталды. Осыған байланысты ҚР елшісі Е.Бөлегенов ҚР СІМ басшылығына осы жайлы хабарлап, ҚР СІМ ішкі аудит қызметінің қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді бақылау өткізетін болды (2016 жылдың қаңтар-ақпан айларына). Кешенді бақылаудан соң іс материалдары ҚР Бас прокуратурасына жіберілді", — деді ведомство өкілдері.

Кейінірек 2016 жылдың мамыр айында Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен ҚР қаржы министрлігінің өткізген тексерулерінен кейін ҚР елшілігінің бас есепшісі Сейдуәлиевтің осыған дейінгі заңбұзушылықтары анықталып, материалдар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жіберілді.

"Ал елшіліктің әкімшілік ғимаратын салу жайлы және осыған қатысты барлық мәселе жайлы айтатын болсақ, ҚР елшілігі мен бас мердігер "АктивБизнесПлюс" жұмыстарын толықтай орындаған. Бұған құрылысы аяқталған ғимараттың 2015 жылдың 25 желтоқсанында пайдалануға беруге қабылдау жайлы арнайы комиссиясының актісі дәлел бола алады", — деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.


Айта кетейік, ҚР елшілігінің жаңа әкімшілік ғимараты 2016 жылдың 1 ақпанында пайдалануға берілген болатын. Беларусьтегі ҚР СІМ мен ҚР елшілігі Қазақстанның құқық қорғау органдарына тергеу жұмыстарына жүргізу үшін барынша көмек көрсетіп жатыр.

Еске сала кетейік, кеше Беларусьте ҚР елшілігінің есепшісі ұсталған болатын. Ұлттық бюро мәліметінше, Сейдуалиев 2012-2015 жылдар аралығында 207 000 доллар көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Ол "Активбизнесплюс" ғимаратын салған бас мердігерге ақшалар төлденді деген кассалық ордерлердің шығынына қатысты құжаттарды жалған дайындаған.

Соңғы жаңалықтар