ҚР СІМ: Ниццадағы шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ: Ниццадағы шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ

ҚР СІМ: Ниццадағы шабуылдан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Ниццадағы шабуыл салдарынан 80 адам бақилық болған. Қазірге дейін қолда бар ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен жараланғандар арасында қазақстандықтар жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 15 Шiлде 2016
  • 281
Фото - Caravan.kz


Ақпараттың тексеріліп отырғанын да қоса кетейік. Айта кетсек, Францияның ұлттық мерекесін тойлап шыққан Ағылшын жағалауындағы көп қауымды бір қаскөй жүк көлігімен қағып, 80 адамды ажал құштырды. Куәгерлер жүк көлігі адамдарды қағып қана қоймай, маңайына оқ жаудырғанын айтады. Жүргізушінің 31 жастағы Тунис тумасы екені анықталды. Ницца мэрі Кристиан Эстрози оқиғаны шаһар тарихындағы ең қайғылы жағдай деп бағалады.

 

Соңғы жаңалықтар