ҚР СІМ Түркиядағы Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Түркиядағы Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырады

ҚР СІМ Түркиядағы Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырады

ҚР СІМ Түркиядағы жағдайға қатысты түсініктемесі.

  • 16 Шiлде 2016
  • 318
Фото - Caravan.kz

16 шілдеге қараған түнде Түркияда орын алған оқиғаларға орай бауырлас елдің аумағындағы барлық Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырамыз. Жағдай анықталғанға дейін адам көп шоғырланатын орындардан аулақ жүріп, аса қажеттілік туындамаған жағдайларда көшеге шықпаған және мүмкіндігінше тез арада туыстары мен жақындарына хабарласқан абзал. Жақын арада Түркияға жасайтын сапарларды жоспарлағанда ҚР СІМ мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың және тасымалдаушы компаниялардың соңғы ақпаратын тексерген дұрыс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған «жедел телефон желісіне» хабарласуға болады.


ҚР Елшілігі (Анкара қ.): +90-533-600-6092, ҚР Бас консулдығы (Ыстанбұл қ.): +90-542-471-2211, ҚР Консулдығы (Анталья қ.): +90-535-418-3532.

 

Соңғы жаңалықтар