ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен кездесті. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Министр бақылаушылар Миссиясы өкілдерін құру бойынша жүргізген жұмысы үшін ШЫҰ Хатшылығына алғысын білдіріп, бұл Ұйым шеңберіндегі Қазақстанмен қарым-қатынастардың жоғары деңгейін растайды деп атап өтті. Халықаралық бақылаушылардың сайлауда жемісті жұмысы үшін барынша қолайлы жағдай жасалынғанын қоса айтты.
Тараптар ШЫҰ шеңберіндегі өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ү.ж. Уфа қаласында өтетін ШЫҰ Саммитіне дайындығын, ШЫҰ мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлер кеңесінің биылғы отырысына дайындығын, мүшелікке жаңа мемлекеттерді қабылдау арқылы ШЫҰ кеңею жақтарын және ШЫҰ диалогы бойынша бақылаушы мемлекеттер мен серіктес елдерді анықтау мәселелерін талқылады.
Қауіпсіздік саласы қазіргі таңда ШЫҰ экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларынан асып түсуде екені атап өтілді. Лаңкестікке, сепаратизм және экстремизмге, кибер қылмысқа қарсы тұру мәселелері Ұйым шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі бағыты болып табылады.
Е. Ыдырысов ШЫҰ құрылғалы бері зор тәжірибе жиналып, маңызды келісімшарт-құқықтық база құрылып, мүше-мемлекеттердің құзыретті органдары арасында тығыз байланыстар жасалынып, Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымның атқарушы комитеті іске қосылып, осының бәрі бірігіп, өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлесін қосатындығын атап өтті.
Сұхбат барысында тараптар ШЫҰ шеңберінде ынтымақтастықтың экономикалық саласын белсендіру қажеттілігін атап өтті.
«Ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен саяси ниеті бүкіл ШЫҰ кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық өсіміне ықпалын тигізе алады, — деп Е. Ыдырысов, — мүше мемлекеттер халықтары Ұйым қызметін түсініп, нәтижесін көре алатындай нақты шаралар қолдану қажет», — деді.