ҚР соңғы тәулікте көмір қышқыл газынан уланған екі адам қаза болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР соңғы тәулікте көмір қышқыл газынан уланған екі адам қаза болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

ҚР соңғы тәулікте көмір қышқыл газынан уланған екі адам қаза болып, үшеуі ауруханаға жеткізілді

Астана. 27 ақпан. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Республикасында соңғы тәулікте екі адам көмір қышқыл газынан уланып қаза болса, үшеуі ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 27 Ақпан 2008
  • 444
Фото - Caravan.kz

Министрліктің ақпараты бойынша, Қызылордада жеке жер үйде пештің дұрыс жұмыс істемеуінен 26 ақпанда сағат 10.35 минутта бір адам көмір қышқыл газынан уланып көз жұмды, ал екі адам ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, Шақтас ауылында (Оңтүстік- Қазақстан облысы) 26 ақпанда жер үйлердің бірінде көмірмен жағылатын пештің ақаулығынан көмір қышқыл газынан бір адам уланып қаза болды,ал екіншісі ауруханаға таңылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті