Жарияланды: 480

ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының пікірталастарына қатысады

Қыркүйектің 20-30 жұлдызында ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 58-сессиясының негізгі пікірталастарына қатысады. Бұл туралы ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан таратқан хабарламада айтылған.

Сессия барысында ҚР сыртқы істер министрі БҰҰ Бас Ассамблеясының ВИЧ/СПИДпен күрес жөніндегі Декларациясының орындалу барысына арналған жоғары дәрежелі жалпы отырысында сөз сөйлейді. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Бейтарап елдер қозғалысына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы бас қосуы мен Ислам Конференциясы ұйымына мүше-елдердің сыртқы істер министрлерінің жыл сайынғы үйлестіру жиынына қатысады. Сондай-ақ, Қасымжомарт Тоқаевтың БҰҰ бас хатшысымен, Германия, Франция, Бельгия, Корея Республикасы, Түркия, Ауғанстан және басқа да бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен екі жақты кездесулері жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін