Жарияланды: 360

ҚР Сыртқы істер министрі Мәскеуде өз әріптестерімен кездесуден кейін Шанхайға барады

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев сәуірдің 23-і мен 24-і аралығында Мәскеуде өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер cыртқы істер министрлерінің кеңесінен кейін сәуірдің 26-сы мен 28-і аралығында Шанхайда өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымы ЭСКАТО ұйымының 60-сыншы сессиясына қатысады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар аясында Қасымжомарт Тоқаев бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде, Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Ивановпен, БҰҰ ЭСКАТО ұйымының атқарушы хатшысы Ким Хак Сумен, Қытай сыртқы істер министрі - Ли Чжаосинмен, Грузия сыртқы істер министрі С.Зурабишвили тәрізді ресми өкілдермен кездесулер өткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін