ҚР сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуде

ҚР сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстарын жүргізуде

ҚР сыртқы істер министрлігі еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қадамдар жасауда. Бұл туралы кеше сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында атап көрсетті.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 736
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаттары алдында сөз сөйлеген бас дипломат еліміздің дипломатиялық өкілдіктері тек қазақ тілін дамыту бағытында ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік саясатын насихаттау үшін белсенді жұмыстарды жүзеге асырып жатқанын хабарлады. Мәселен, оның айтуынша, дипломатиялық өкілдіктер мемлекет басшысының жолдауларындағы басты тезистерді шет тілдерге аударып, жергілікті БАҚ-тарда жариялауда. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сындарлы он жыл » атты кітабы қазір ағылшын, неміс, түрік және украин тілдеріне тәржімалануда. Ал мемлекеттік тілдің СІМ-нің өз қабырғасында даму мәселесіне келсек, Қ.Тоқаевтың айтуынша, министрлікте мелмекеттік тіл жөніндегі комиссия құрылып, ол іс қағаздарын жүргізу жөніндегі бөлімге қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге қолұшын беруде. СІМ аппаратының барлық жиналыстары мемлекеттік тілде өткізіледі. Сондай-ақ, министрлік алғаш рет барлық дипломатиялық терминологияның аудармасы берілген орыс-қазақ және қазақ-орыс тілдеріндегі дипломатиялық анықтамалық басып шығарды. Қ.Тоқаев бұл анықтамалықты барлық министрліктер мен ведомстволарда, барлық жоғары оқу орындарында тарату туралы пікір білдірді.

СІМ шетелдердегі қазақ диаспораларымен байланыс орнатуға бағытталған жұмыстар да жүргізуде. ҚР СІМ-нің консулдық қызмет департаментінің бастығы Уәлихан Қоңырбаевтың айтуынша, Қытайдағы қазақ диаспорасы 1 млн. 307 мың, Өзбекстанда 1,5 млн. , Ресейде 1 млн., Монғолияда 90-100 мың, Түрікменстанда 86 мың, Қырғызстанда 42 мың, Ауғанстанда 400 адам, Түркияда 14 мың, Беларусьта 1200 адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар