Жарияланды: 550

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Павлодар облысындағы нысандардың жұмыс ахуалымен танысады

9-тамыз, сенбіде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділов іссапармен Павлодар облысын аралайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сапар мақсаты - тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының жұмыс ахуалымен, сондай-ақ, күш-құралдардың күз және қыс маусымындағы жұмыс ахуалымен танысу, облыстағы өнеркәсіп нысандарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысын тексеру болып табылады. Сонымен бірге, Агенттік төрағасы жергілікті атқарушы мекемелердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жою мәселесімен айналысушы өкілдерімен жүздесуді жоспарлаған. З.Нарқаділов Еуразиялық энергетикалық корпорациясына қарасты Ақсу ГРЭС-інің, Ақсу ферроқорытпа зауытының, Сәтпаев атындағы каналдың, Павлодар мұнайхимиясы зауытының, сондай-ақ, жергілікті өрт сөндіру бөлімінің жұмыстарымен танысады. Ал "Қазақстан алюминиі" ААҚ-да З.Нұрқаділов зауыттың жұмыс барысын өзкөзімен көріп, жер сілкінісі аймағына жөнелтілетін Азаматтық қорғаныс және Төтенше жағдайлар жөніндегі құрылымның ахуалымен танысады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть