Жарияланды: 640

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Солтүстік Қазақстан облысындағы стратегиялық нысандарды аралады

11-тамыз, дүйсенбіде ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы Заманбек Нұрқаділов Солтүстік Қазақстан облысында болды. Ол осындағы бірқатар стратегиялық нысандарды аралады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының маманы Евгений Журавлев хабарлады.

З.Нұрқаділов №1 өрт сөндіру бөлімшесінде болып, онда өртке қарсы күрес қызметінің арнаулы отрядының жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, ол ТЭЦ-2 және "Сұлтан" ААҚ нысандарында болды. Бір көрген жерден нысандар ахуалына баға беруден бас тартқан агенттік төрағасы лауазымды адамдарға қаратып өтініш білдірді. "Жергілікті әрбір басшы, мейлі ол облыс әкімі болсын, мейлі аудан немесе ауылдық округтің әкімі болсын, Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттікке қарасты мекемелер мен ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтудың маңызын түсінуі қажет",- деді З.Нұрқаділов. Сондай-ақ, ол Солтүстік Қазақстан облысы - шекаралық аймақ ретінде республикалық мемлекеттік қызметтер мен ведомстволар басшыларының ұдайы назар төрінде екенін атап көрсетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть