ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының орынбасарлары тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті басшылығын таныстырды.

  • 25 Тамыз 2014
  • 361
Фото - Caravan.kz

Комитет төрағасы — Серік Жұманғарин, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Комитет төрағасының орынбасары — Арыстан Қабыкенов, осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.

Комитет төрағасының орынбасары — Азамат Майтиев, осыған дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры болған.

Комитет төрағасының орынбасары — Әлия Жұмабаева, осыған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ интеграциялық саясат департаментінің директоры болған.

Комитет төрағасының орынбасары — Рүстем Ахметов, осыған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.


«Монополияға қарсы органның рөлі күшейеді», — деп атап өтті Ерболат Досаев.

«Комитет алдында 2 негізгі міндет тұр —  заңнамалық жұмыс және  интеграциялық үрдістер аясында бәсекелестікті қорғау», — деді министр.