Жарияланды: 540

ҚР үкімет басшысы Астананы көріктендіру жұмысын экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіре қарауды ұсынды

"Астана бас жоспары" мемлекеттік кәсіпорнында болған үкімет басшысы Даниал Ахметов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында Елордасын көріктендіру және көгалдандыруға, ескірген үйлерді бұзу және Талдыкөл су қоймасындағы ағызынды суларды төгуге қатысты мәселелерді талқылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Трансшекаралық өзен болып табылатын Есілдің маңызына тоқталған үкімет басшысы барлық мәселелерді экологиялық заңнама талаптарына сәйкестендіре қарауды ұсынды. Астана әкімшілігінің өкілдері үкімет басшысын қаланың ескі және жаңадан бой көтеріп келе жатқан аудандарында жаңа саябақтар мен гүлбақтарын салу жоспары туралы кең көлемді ақпараттан құлағдар етті. Сол сияқты қала аумағында жасыл аймақтар құру және оларды қаржыландыру мәселелері де сарапқа салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін