ҚР үкімет басшысы ғылым, техника және білім беру саласындағы 25 мемлекеттік сыйлық иегеріне дипломдарын, куәліктері мен төс белгілерін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы ғылым, техника және білім беру саласындағы 25 мемлекеттік сыйлық иегеріне дипломдарын,  куәліктері мен төс белгілерін табыс етті

ҚР үкімет басшысы ғылым, техника және білім беру саласындағы 25 мемлекеттік сыйлық иегеріне дипломдарын, куәліктері мен төс белгілерін табыс етті

Бүгін, 12-желтоқсанда Астанада ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов ғылым, техника және білім беру саласындағы 2003-жылғы мемлекеттік сыйлық иегері атанған 25 адамға дипломдарын, куәліктері мен төс белгілерін табыс етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2003
  • 409
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік сыйлықтарды табыс ету жөніндегі комиссия жан-жақты сараптау нәтижесінде байқауға тапсырылған 26 жұмыстың ішінен бесеуін сыйлыққа лайық деп іріктеп алды.

Мемлекеттік сыйлыққа ие болған жұмыстардың арасында технологиялық сипаттағы 4, нарықтық экономиканы дамытудың өзекті проблемаларына арналған 1 жұмыс бар.
Техникалық сипаттағы жұмыстар ғылыми-өндірістік процесстің барлық кезеңдерін қамтиды. Олардың бір ерекшелігі — зерттеу нәтижелерінің инновациялық бағыттылығы болмақ. Мәселен, ғалымдар мен мамандар жылуэнергетикасы заңдылықтарының негізінде «күйелі күйіктас» деп аталатын жаңа керамикалық материалдар өндірудің ресурс үнемдеуші технологиясын, сондай-ақ, биологиялық белсенді жаңа заттарды, отандық табиғи шикізат негізінде металл қосылыстар мен олардың ультрадисперсті ұнтақтарын шығарып алуға бағыттаған электрохимиялық әдістемелер мен технологияларды, отандық ферроқорытпалардың әлемдік деңгейдегі сапалық көрсеткішке ие болуын қамтамасыз ететін флюстар мен арнайы кокс тәрізді арнаулы мақсатта қолданылатын жаңа материалдар түрлерін, синтетиалық және өсімдік шикізатынан алынатын бірегей отандық жаңа емдік құралдарды ойлап тауып өндіріске енгізді.

Соңғы жаңалықтар