Жарияланды: 740

ҚР Үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов Оңтүстік Қазақстан облысындағы зілзала болған аудандарды араламақшы

Ертең, 31-мамырда Үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов Оңтүстік Қазақстан облысына ұшып барады деп күтілуде. Ол селге душар болған аудандарды аралап, табиғи апаттың зардаптары мен көрсетілетін көмектің нақты көлемін анықтауды көздеп отыр ,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам өзенінен басталған сел 27-мамыр 0 сағат 25 минут шамасында Шымкентте шарықтау шегіне жетіп, су тасқынының көлемі секундына 560 текше метрді құраған. Ал таңертеңгі сағат 7-де тасқын көлемі секундына 300 текше метр , сағат 11-де секундына 250 текше метр болды. Сел әкелген материалдық шығын 70 миллион 200 мың теңгені құрап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Екпінді ауылынан "Бүргелек" дауажайына дейінгі көпірге апаратын жол құрылымдарын су шайып, шығын көлемі 3 миллион теңгеге жетті. Сондай-ақ, Қазақстан ауылына дейінгі автожолды да су шайып кеткен. Шығын - 2,8 миллион теңге. Сонымен бірге 8 канал (шығын - 1 миллион теңге шамасында) мен Ленгер қаласындағы жолдар да су тасқынына төтеп бере алмаған(шығын - 9 миллион теңге ). Ауданда барлығы 30 миллион 400 мың теңгеге бағаланған 9 көпір істен шықты. Төле би ауданы бойынша жалпы материалдық шығын көлемі 46 миллион 200 мың теңгеге жеткен. Облыстың Сайрам ауданында табиғи апат салдарынан 125 үй, соның ішінде Манкент қаласында 15, Бадам ауылында 13, Жұлдыз ауылында 67, Шапырашты ауылында 10, найман ауылында 20 үй тасқынға тап болды. Сонымен бірге 2 көпір мен 1,5 шақырым жолды су шайып кетті. Сайрам ауданы бойынша жалпы шығын 24 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть