ҚР үкімет басшысы өз орынбасарларының атқаратын міндеттерін бөліп берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкімет басшысы өз орынбасарларының атқаратын міндеттерін бөліп берді

ҚР үкімет басшысы өз орынбасарларының атқаратын міндеттерін бөліп берді

Үкіметтегі жаңа тағайындауларға байланысты премьер-министр, оның орынбасарлары мен ҚР үкімет басшысы кеңсесінің төрағасы өзара міндет бөлісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қаңтар 2004
  • 941
Фото - Caravan.kz

ҚР үкімет басшысы бекіткен бұйрыққа сәйкес, ҚР премьер-министрі Даниал Ахметовтың атқаратын міндеті аясына үкімет жұмысын басқару, үкімет пен Елбасы, сондай-ақ, парламент, Конституциялық кеңес, Жоғары сот, Бас прокуратура және басқа да конституциялық мекемелермен қарым-қатынасқа үкімет атынан қатысу қамтылады. Сондай-ақ, мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық, үкіметтің заң шығару жұмыстарын үйлестіру, қорғаныс және құқық қорғау мәселелері де Д.Ахметов басқаратын міндеттерге жатады. Д.Ахметов мұнайгаз саласын дамыту, мемлекеттік бюджет мәселелеріне басқарушылық жасап, республикалық бюджеттік комиссия мен экономикалық саясат жөніндегі кеңес жұмысын басқарады. Үкіметтегі кадр мәселесін жауаптанады. Сондай-ақ, үкімет басшысы ҚР СІМ, ІІМ, ҚР әділет министрлігі, ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес жөніндегі Агенттіктерінің жұмысына жалпы бақылау жасау міндеті жүктеледі.

ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Григорий Марченконың міндеті аясына экономикалық жоспарлау және даму, қаржы, салық және тариф саясаты, қаржы және сақтандыру рыногын дамыту, бюджетаралық қарым-қатынастарды дамыту мәселелері қамтылды. Бұған қоса, Г.Марченко басқаратын мәселелер қатарында мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру, соның ішінде тұрғын үй рыногын дамыту, халықты әлеуметтік қорғау бағытындағы реформаларды аяқтау, Алматыдағы аймақтық қаржы орталығын дамыту, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру да бар. Үкімет басшысының бірінші орынбасары үкімет пен ҚР Ұлттық банкі, халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдар арасындағы ықпалдастықты қамтамасыз ету, әлеуметтік, білім беру, ғылым, мәдениет, ұлтаралық қарым-қатынас, денсаулық сақтау, спорт және туризм салаларын дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін үйлестіру жұмыстарымен айналысады. Әлеуметтік әріптестік мәселесін басқарады. Сондай-ақ, Г.Марченко экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, мәдениет, ақпарат, денсаулық сақтау министрліктері, ҚР статистика жөніндегі агенттігі, кедендік бақылау агенттігі, туризм және спорт агенттігі, мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі, ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктерінің жұмысына жалпы бақылау жасауы тиіс.
ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаевқа индустриялық-инновациялық даму стратегиясы мен инвестициялық саясатты жүзеге асыру, экономиканы шұғыл басқару, экспорттық бақылау және мобилизациялық жұмыстарды, Қазақстанды Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке қабылдатуды басқару міндеті жүктеледі. Өнеркәсіп саласын дамыту, инфрақұрылым және жаңа технологиялар саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемелер жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.
Мемлекеттік материалдық қор, төтенше жағдайлар, геология, жер қойнауын пайдалану және оны қорғау мәселелерін жауаптанады. ТМД елдерімен және басқа да интеграциялық бірлестіктермен қарым-қатынасты үйлестіреді. Сондай-ақ, С.Мыңбаев мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіріп, ҚР индустрия және сауда, энергетика және минералды ресурстар, көлік және коммуникация, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі және материалдық резервтер жөніндегі Агенттіктерінің жұмысын жалпы қадағалайды.
ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов аймақтық саясат мәселесін өз міндетіне алады. Ауылшаруашылығы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін үйлестіру, ҚР мемлекеттік агроазық-түлік бағдарламасын жүзеге асыру мәселесі де оның мойнында. Аграрлық ғылым, экология, табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, орман, аң және балық шаруашылығы, жер және су қатынастарына қатысты мәселелерді жауаптанады. Сондай-ақ, ауылдық аумақтарды дамыту, көші-қон және демографиялық саясатты жүзеге асыруды басқару да А.Есімов атқаратын міндеттер қатарында. А.Есімов ауылшаруашылығы және ҚР қоршаған ортаны қорғау министрліктері, ҚР көші-қон және демография агенттігі, жер ресурстарын басқару Агенттіктерінің жұмысына жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады.
ҚР үкімет басшысы кеңсесінің жетекшісі Алтай Тілеубердин орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, үкімет шешімдерін дайындау және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру жөніндегі мекемелердің жұмысын үйлестіру, мемлекеттік және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Сондай-ақ, үкіметтің кадр саясатын жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру, үкіметтің аймақтық саясатын жүзеге асыру жұмыстарын , үкімет пен облыс әкімдері арасындағы ықпалдастықты қамтамасыз ету, үкімет басшысының кеңсесі мен президент әкімшілігі және парламент палаталары арасындағы өзара ықпалдастықты қамтамасыз ету А.Тілеубердиннің міндетіне жатады.

Соңғы жаңалықтар