Жарияланды: 500

ҚР үкімет басшысы Сингапурлық компаниялардың Қазақстандағы мұнайгаз саласына қосып отырған үлесіне қанағаттанарлық баға берді

ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов Сингапурлық компаниялардың Қазақстанның мұнайгаз саласына қосып отырған үлесіне қанағаттанарлық баға берді. Бұл туралы бүгін, 21-шілдеде ҚР үкімет басшысымен кездесуден кейін Сингапурдың индустрия және сауда министрі Джордж Ео хабарлады.

"Кездесуде Қазақстан мен Сингапур арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту туралы обьективті әңгіме болды",- деді Д.Ео. Оның айтуынша, Сингапурлық компаниялар тек мұнай өндіру және бұрғылау жұмыстарымен ғана шектелмей, мұнай мен газды өңдеуге де, сондай-ақ, басқа сонымен жанама қызметтерге де атсалысып отыр. "Д.Ахметов әсіресе Каспийдің Қазақстандық бөлігін игеруге баса назар аударып, осы жұмысқа атсалысуға шақырды. "Капо инжиниринг" компаниясы қазірдің өзінде Ақтауда жұмыс істеп жатыр. Сингапурлық басқа бизнесмендер де осы компаниядан үлгі алады деп ойлаймын",- деді Сингапурдың индустрия және сауда министрі. Д.Ахметов пен Д.Ео сондай-ақ, Қазақстан мен Сингапур арасында тура бағыттағы ұшақ қатынасын орнату мәселесін сарапқа салды. "Екі ел арасындағы арақашықтықтың тым алыс еместігіне қарамастан үшінші бір елдер арқылы ұшу өте көп уақыт алады. Сонымен бірге, Д.Ахметовтың пайымдауынша, Қазақстанды Еуропа мен Азия арасындағы әуе жолы желілерінде транзиттік мемлекет ретінде пайдалануға мүмкіндік бар",- деді Д.Ео. Оның айтуынша, Қазақстан үкімет басшысы Сингапурлық компанияларды еліміздегі әуежайларды қайта жөндеу жұмыстарына белсене қатысуға шақырған. Сингапур индустрия және сауда министрінің Астанаға сапары аясында екі ел іскерлерінің қатысуымен бизнес-форум өткізілуде. Оған Сигапурдың білім беру, азық-түлік өнімдерін өңдеу, ақпараттық технологиялар саласында жұмыс істейтін компаниялары қатысуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть