ҚР Үкіметі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру туралы қаулыны бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкіметі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру туралы қаулыны бекітті

ҚР Үкіметі 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің еңбекақысын көтеру туралы қаулыны бекітті

ҚР Үкіметі 1 сәуірден бастап Мемлекеттік мекемелер мен  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы қаулыны бекітті.

ҚазАқпарат қаулының мәтінін толық жариялайды.

  • 29 Наурыз 2014
  • 563
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №269

2014 жылғы 27 наурыз Астана, Үкімет Үйі

 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 51, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 19-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 14-жолмен толықтырылсын:


14

Мемлекеттік

мекемелер мен

қазыналық

кәсіпорындардың

қызметкерлеріне

Ерекше еңбек

жағдайлары

үшін үстемеақы

ЛЖ-дан 10%

».