ҚР үкіметі 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін бидай экспортына тыйым салды -үкіметтің баспасөз қызметі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР үкіметі 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін бидай экспортына тыйым салды -үкіметтің баспасөз қызметі

ҚР үкіметі 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін бидай экспортына тыйым салды -үкіметтің баспасөз қызметі

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкіметі 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін бидай экспортына тыйым салды, деп хабарлайды агенттік ҚР үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 15 Сәуiр 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

» Қазақстан Республикасы үкіметінің отырысында биылғы жылдың 15 сәуірінен 2008 жылдың 1 қыркүйек айына дейін жаңа астыққа шыққанынша бидай экспортына тыйым салды», -деп жазылған үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хатында.

«Бұл шешім елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және әлемде бидай тапшылығы мен әлемдік бидай нарығындағы құнының қымбаттауы ішкі нарыққа кері әсерін тигізбес үшін қабылданды «, — деп жазылған құжатта.

Үкіметтің мәліметтері бойынша, қазақ бидайының экспорт көрсеткіші жоғары шекке көтеріліп, ай сайын 1,1-1,4 млн тоннаны құраған.

«2007 жылдың астығынан 8 млн тонна бидай экспортталған және сыртқа жөнелтілген көлем бастапқыда 9 млн тонна мөлшерінде жоспарланған деңгейге жетті», — деп анықтайды баспасөз қызметі.

«Биылғы жылдың 10 сәуірінде елдегі қалған бидай көлемі 8,1 млн тоннаны құрап отыр, оның 4,7 млн тоннасы азық-түлік ретінде пайдаланылатын астық», — деп көрсетілген хаттамада.

«Есеп- қисаптар бойынша, ішкі нарыққа қажетті бидай көлемін санамағанда, бүгінгі күні экспортқа жөнелтілетін бидай көлемі 1,2 млн тонна астықты құрайды. Бүгінгі экспортқа жөнелту қарқындылығын ескере отырып, оны бір айдың ішінде елден сыртқа шығаруға болады. Қалыптасқан жағдайда бидайдың сыртқы саудасына қатысты шұғыл шара қолға алынды», — деп есептейді үкіметтегілер.

«Сонымен бірге бос бидай көлемін ұн ретінде экспортқа жіберуге болады. Бұл экономикалық жағынан тиімді шешім болып саналады, өйткені ұн тарту кәсіпорындарының қуаттылығын пайдаланып, Қазақстанның ұн сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді «, -деп айтылған құжатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті