Жарияланды: 430

ҚР үкіметі елден мазут экспорттауға уақытша тыйым салды

ҚР үкіметінің 17-қыркүйектегі қаулысымен елден мазут экспорттауға уақытша тыйым салынды,- деп хабарлайды ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, бұл шара ел экономикасының сұранысына арнап тиісті мөлшерде қор жинақтау қажеттігіне сәйкес жасалып отыр. Аталмыш қаулының орындалуына қадағалау жасау міндеті ҚР үкімет басшысының орынбасары Сауат Мыңбаевқа жүктелді. Республика аумағынан мазут шығаруға салынған тыйымның мерзімі 2004-жылдың 1-наурызына дейін созылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін