Жарияланды: 580

ҚР үкіметі есірткі заттарын өндіруде қолданылатын, бақылауда болуы тиіс құрал-жабдықтар тізімін бекітті

ҚР үкіметі есірткі заттары, психотроптық заттар мен прекурсорлар өндіруде қолданылатын, бақылауда болуы тиіс құрал-жабдықтардың тізімін бекітті,- деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметінен.

Қаулыға сәйкес, ампулаларды толтыруға және оларды дәнекерлеп жабуға, таблеткаларды жаншып-сығуға арналған ( пресстік жабдықтар) құрал-жабдықтар бақылануға тиіс. Осындай жабдық түрлерінің айналымына бақылау жасау құзыры есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымын қадағалаушы мемлекеттік мекемеге жүктелді. Қаулы 2003-жылдың 15-қыркүйегінен бастап күшіне енді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін