ҚР Үкіметі индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдерін әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкіметі индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдерін әзірледі

ҚР Үкіметі индустриялық аймақтарды дамытудың жаңа тәсілдерін әзірледі

Индустриялық аймақтардың қызметін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкі

  • 6 Маусым 2017
  • 233
Фото - Caravan.kz

Индустриялық аймақтардың қызметін заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің мәліметінше, индустриялық аймақтардың тиімді жұмыс жасауына кедергі келтіретін анықталған проблемалардың ішінде олардың қызметін заңнамалық реттеудің және аймақтарды құру мен олардың жұмыс жасауы саясатына жауапты бірыңғай мемлекеттік органның болмауы негізгілері болып табылады, деп хабарлады primeminister.kz.   

Осыған байланысты ҚР ИДМ заңнамаға өзгерістер енгізуді, атап айтқанда жеке индустриялық аймақтардың қызметін регламенттеуді ұсынуда. Индустриялық аймақтарды дамыту мәселелерінің мемлекеттік саясатын қалыптастыру бойынша функцияларды ҚР Ұлттық экономика министрлігінен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне беру ұсынылып отыр. Оған қоса, аймақтардың өздерін дамыту мәселелерін жер-жерлерде әкімдіктердің басқаруына қалдырған жөн.  

Сондай-ақ, рәсімдеудің жеңілдетілген тәртібін, жерді қайтару бойынша құқықтық негізді қарастыратын жер мәселелерін, жосықсыз және тиімсіз пайдаланған және жер телімін жобаны іске асырған соң инвесторлардың меншігіне беру бойынша кепілдер жағдайында заңнамалық регламенттеу қажет.


Қазақстанда бүгінгі таңда өңірлерде өңдеу өнеркәсібі жобалары үшін дайын инфрақұрылыммен 22 индустриялық аймақ бар. Инвестиция көлемі шамамен 100 млрд теңге болатын 107 өндіріс іске қосылды. 7 700 жұмыс орны құрылды. Еліміздің 13 облысында тағы 150 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр, 21 индустриялық аймақ — құрылыс және жобалау кезеңінде. 

Соңғы жаңалықтар