ҚР Үкіметі «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Үкіметі «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекітті

ҚР Үкіметі «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекітті

ҚР Үкіметі «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекітті.

  • 17 Қараша 2012
  • 317
Фото - Caravan.kz

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2012 жылғы 8 қазан №1266 Астана, Үкімет Үйі

«Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.

2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:

реттік нөмірі 442-жол мынадай редакцияда жазылсын:
442 Шекаралық аймаққа келуге және онда болуға рұқсаттаманы беру.
Жеке және заңды тұлғалар.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті және Астана, Алматы қалалары мен облыстардың ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы басқармалары.
Ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөлімшелері.
Қағаз түрінде (рұқсаттама)

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар