Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21-шілдесіндегі «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңының 13 бабының 3 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының үкіметі тапсырыс берушілер қызметті үздіксіз жүргізу мақсатында сатып алатын күнделікті және апталық қажеттіліктегі тауарлардың (жұмыс, қызмет) тізімін бекіту туралы қаулы шығарды.
«Аталмыш қаулы 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді, сондай-ақ, ресми жарияланады», — деп көрсетілген Қазақстан Республикасының премьер-министрі қол қойған қаулы мәтінінде.
Күнделікті немесе апталық қажеттіліктегі тауарлар (жұмыс, қызмет) тізімімен ресми бұқаралық ақпарат құралдарынан танысуға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті