«Жыл басынан бері экономиканы кредиттеуде оң динамика байқалып отыр. Банктердің несие берудегі белсенділігін арттыру үшін Ұлттық банк 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар реттеу жұмыстарын бастады», — деді ол.
Оның айтуынша, несиелеу процесіне көп қырлы факторлар әсер етеді.
Бұл бағытта ШОБ-ты қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды атауға болады.
«Көптеген борышкерлер қайтара алмайды. Несиелеу процесі банктердің нашар портфелді тазалауымен ғана шектеледі», — деді ол.
2015 жылы экономиканы несиелеу 4,7%-ға, 12,7 трлн теңгеге дейін өсті. Заңды тұлғаларды несиелеу 5,2%-ға 8,5 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғаларды несиелеу 3,7%-ға, 4,2 трлн теңгеге артты.
Көбіне сауда (20,9%), өнеркәсіп (13,3%), құрылыс (8,0%), ауылшаруашылығы (5,0%) салаларында несиелеу көлемі артқан.