2003-жылдың маусым айында еліміздегі инфляциялық көрсеткіш 0,1%-ті құрап, алдыңғы айдағы көрсеткішті сақтап қалды. Ал 2003-жылдың 6 айындағы инфляция деңгейі 2,3%-ті құрады. (өткен жылдың қаңтар-маусым айларында ол 3,1%-ті құраған болатын). Ал азық-түлік тауарларының бағасы 2,9%, өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 1,3%, ақылы қызметтер құны 2%-ке артты.
Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,7%-ті құрады. Салыстырма ретінде келтіре кетсек, бұл көрсеткіш 2002-жылы 6,6%-ті, 2001-жылы 6,4%-ті құраған болатын.
Жалпы алғанда 2003-жылы инфляция қарқыны 5,3 процентке бәсеңдейді деп күтілуде.