ҚР Ұлттық банкі шілде айының қорытындысында инфляция деңгейі минус 0,1% шамасындағы кері көрсеткішке тең болады деп бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ұлттық банкі шілде айының қорытындысында инфляция деңгейі минус 0,1% шамасындағы кері көрсеткішке тең болады деп бағалауда

ҚР Ұлттық банкі шілде айының қорытындысында инфляция деңгейі минус 0,1% шамасындағы кері көрсеткішке тең болады деп бағалауда

"Үстіміздегі жылдың шілде айында біз инфляция деңгейі минус 0,1% шамасындағы кері көрсеткішке тең болады деп есептеп отырмыз",- деп хабарлады бүгін, 28-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко.

  • 28 Шiлде 2003
  • 498
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың маусым айында еліміздегі инфляциялық көрсеткіш 0,1%-ті құрап, алдыңғы айдағы көрсеткішті сақтап қалды. Ал 2003-жылдың 6 айындағы инфляция деңгейі 2,3%-ті құрады. (өткен жылдың қаңтар-маусым айларында ол 3,1%-ті құраған болатын). Ал азық-түлік тауарларының бағасы 2,9%, өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 1,3%, ақылы қызметтер құны 2%-ке артты.

Инфляцияның жылдық көрсеткіші 5,7%-ті құрады. Салыстырма ретінде келтіре кетсек, бұл көрсеткіш 2002-жылы 6,6%-ті, 2001-жылы 6,4%-ті құраған болатын.
Жалпы алғанда 2003-жылы инфляция қарқыны 5,3 процентке бәсеңдейді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар