Жарияланды: 400

ҚР Ұлттық банкінің қаулысына сәйкес ендігі жерде Қазақстаннан 3 мың долларға дейінгі шетел валютасын декларациясыз алып шығуға болады

"Резидент және резидент болып табылмайтын жеке тұлғалар 3 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі шетел валютасын кедендік мекемелердің декларациясынсыз Қазақстан Республикасы аумағынан алып шыға алады". Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің қаулысында атап көрсетілген.

Бұл қаулыға дейін нақты ақша түріндегі шетел валютасын қандай мөлшерде екеніне қарамастан міндетті түрде жазбаша түрде декларациялау талап етіліп келген болатын. Ал жаңа қаулыда Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жеке тұлғалар ел аумағынан 3 мың АҚШ долларынан аспайтын мөлшердегі шетел валютасын ақшаны қайдан алғандығы туралы құжаттарды көрсетпей -ақ шекара асыра алатындығы туралы норма көрсетілді. ҚР аумағындағы валюталық операциялар тәртібі туралы ҚР Ұлттық банкінің жаңа қаулысының мәтіні 23-қыркүйекте ресми баспасөз беттерінде жарияланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть