ҚР ҰҚК ағымдағы жылы төрт елдің арнайы қызметтерінің 10 агентін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК ағымдағы жылы төрт елдің арнайы қызметтерінің 10 агентін анықтады

ҚР ҰҚК ағымдағы жылы төрт елдің арнайы қызметтерінің 10 агентін анықтады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК ағымдағы жылы төрт елдің арнайы қызметтерінің 6 қызметкері және 4 агенті анықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК -нің арнаулы өкілі Кенжеболат Бекназаров сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 454
Фото - Caravan.kz

«ҰҚК әзірлеген қарсы барлау шаралары жүйесі шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстандағы ұмтылыстарына жеткілікті түрде тиімді қарсы әрекет етуде»,-деді ол.

Реси өкілдің айтуынша, осылайша, Алматы қаласында шетелдік арнайы қызметтердің бірінің резидентурасы анықталды. ҚР аумағында жүргізіліп жатқан бірқатар барлау акциясының жолы кесілді, нәтижесінде шетелдік арнайы органдардың 2 агенті сотталды, тыңшылық қызметтің жекелеген деректері бойынша әріптестік қарым-қатынас және саяси мақсатқа сайлылықты ескере отырып шетелдік тараптардың басшылығы ақпараттандырылды.

Сондай-ақ, шетелдік арнайы қызметтердің 44 қызметкері мен агенті белгіленіп, олар жедел бақылауға алынған. Қазақстандық азаматтарды жасырын қызметке тартуға жасалған 8 әрекет ашылды, бастамашылдық тыңшылыққа әрекеттенудің алды алынды.

Алты елдің арнайы қызметіне қатысы бар деп күдіктелген 14 шетелдік азамат елден шығарылды.

Мемлекеттік құпияларды қорғаудың деңгейі көтерілді. Құпиялылық режимін бұзғаны үшін 125 лауазымды тұлға әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік құпияны жария еткендері үшін бірқатар лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық істер тергелуде.

Ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи технологияларын ендіру қамтамасыз етілді. «Электрондық үкіметтің» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар іске асырылды. Астанада ақпаратты қорғау және өңдеу құралдарын сынау жөніндегі зертхана пайдалануға берілді. Интернет желісінен бақылаудағы шабуылдар жүргізу жолымен мемлекеттік органдардың қорғаныс деңгейін тексеру бойынша жағдайларды модельдеу үшін полигон құрылды. Байланыс арнайы жүйелерінің қауіпсіздігіне кепілдік беретін шифркілттер әзірленді. Республиканың 11 қаласында Үкіметтік байланыстың жоғары дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үкіметтік байланыс қызметінің жаңа құрылғысы жасақталды. 300-ден астам режімдік нысандар тексерілді, ақпаратты қорғау жүйесіндегі кемшіліктер техникалық құрылғылардың көмегімен жөнделді. Арнаулы техникалық құрылғыларды сатудың 16 заңсыз дерегінің жолы кесілді, 180 астам құрылғы алынды. Киберқылмысқа қарсы тұрудың ұлттық жүйесін жасақтау бойынша жұмыс жолға қойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті