ҚР ҰҚК бірқатар лаңкестік әрекеттердің жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ҰҚК бірқатар лаңкестік әрекеттердің жолын кесті

ҚР ҰҚК бірқатар лаңкестік әрекеттердің жолын кесті

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ҰҚК бірқатар лаңкестік әрекеттердің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК -нің ресми өкілі Кенжеболат Бекназаров сенбі күні өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 712
Фото - Caravan.kz

Өкілдің хабарлауынша, 2007 жылдың 22 желтоқсанында президент әкімшілігінің, Қауіпсіздік Кеңесінің, ҚР Ішкі істер министрлігі және Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының 2007 жылғы жедел-қызметтік жұмыстарының негізгі қорытындылары және 2008 жылға арналған басым міндеттері туралы кеңейтілген алқасы болып өтті.

«Ағымдағы жылы ҚР ҰҚК бөлімшелері мен органдарының күші ұлттық қауіпсіздік жүйесін нығайту бойынша мемлекет басшысы белгілеген нұсқауларды орындауға жұмылдырылды. Бірқатар ұйымдастыру және практикалық шараларды қабылдау бойынша жедел-іздестіру қызметінің негізгі бағыттары жетілдірілді»,- деді К.Бекназаров.

Оның айтуынша, халықаралық терроризммен және экстремизммен күрес желісі бойынша уақытында қабылданған шаралар, оның ішінде шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты белсенділікпен жүргізу нәтижесінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында террористік көріністердің пайда болуына жол бермеді.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында коммерсанттарға қарсы қарулы тонаушылық ұйымдастырып және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған, сол арқылы жағдайды тұрақтандыруды көздеген, соңынан «отты нүктелердегі» әскери іс-қимылдарға қатыспақ болған қылмыстық топ жойылды. Қолдан жасалған жарылғыш құрылғылар, қару-жарақ, оқ-дәрі, экстремистік бағыттағы көптеген әдебиет алынды. Қылмыстық істі тергеу барысында топтың 16 мүшесіне қатысты айғақ жиналып, материалдар сотқа жіберілді.

Степногор қаласында Қазақстан аумағында террористік актілер жасауды жоспарлаған 10 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сот процесі аяқталуда.

Іргелес мемлекеттердің құқық қорғау органдары ауыр қылмыстарға байланысты күдік келтірген бірқатар адам іздестірілді.

ҰҚК бастамасы бойынша әр жылдары Таяу шығыстағы заңсыз қарулы құрылымдар жағында әскери іс-қимылдарға қатысу мақсатында кеткен Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 12 тұрғынын Сыртқы істер министрлігі азаматтықтан айыруды рәсімдеді.

«Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік партиясы құрылымының ел аумағында белсенділікпен атқармақ болған ұмтылыстарының жолы кесілді. Осы мақсатпен келген шетелдік 3 эмиссар елден аластатылды. Қарағанды қаласында қазақстандық «Хизб-ут-Тахрирдің» бастауыш ұйымының 30 көшбасшысы мен белсенділерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі жалғасуда.

ҰҚК ұсынысы бойынша, Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиясының шешімі арқылы жарылғыш заттарды өнеркәсіп орындары мен қорғаныс нысандарынан ұрлаудың жолын кесу бойынша шаралар жүзеге асырылды. Осы жұмыс барысында 18,5 тонна өнеркәсіптік жарылғыш және оның өндірісіне арналған 15 тонна ингредиент алынды. Тек қана Аякөз қаласында әскери бөлімді тексеру қорытындылары бойынша 15 кг есепке алынбаған жарылғыш зат, танкіге қарсы қолданылатын 5 мина табылды. 711 тротилді шашкі жасырылған құпия орын табылды. Заңсыз айналымнан айтарлықтай көлемде оқатар қару, жарылғыш заттар және оқ-дәрілер тәркіленді. Жарылғыш заттарды шығаратын заңсыз зертхана жойылды.

Жаһандық қауіп-қатерлер және қыр көрсетулер, аймақтық қауіпсіздік жүйесін құру саласындағы, соның ішінде Еурокомиссиямен және ЕКҚҰ Антитеррорлық комитетімен, БҰҰ ҚК ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілді. Осы жылғы 20 сәуірде Астанада болып өткен өкілдік халықаралық ғылыми-практикалық конференция осы мәселелерге арналды.

Ұлттық қауіпсіздік жүйесін жаһандық және аймақтық жүйелермен, ең алдымен ШЫҰ, ТМД және ҰҚКҰ-мен одан әрі интеграциялау қамтамасыз етілді. ҰҚК ТҚО желісі бойынша өткізілген Қырғызстандағы, Байқоңырдағы, Жамбыл және Павлодар облыстарындағы оқу-жаттығулардың және тағы 92 жаттығудың барысында жергілікті органдарда ТМД елдерінің террорға қарсы бөлімшелерінің өзара әрекеттестіктері және өз қарамағымыздағы күштер мен құралдардың терактілердің алдын алуға дайындықтары пысықталды. Антитерроризм жөніндегі заңнаманы толықтыру және бірлескен мәліметтер банкін жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР президентінің халықаралық ынтымақтастықты көбірек прагматизмге құру туралы тапсырмаларын орындау мақсатында РФ ФҚҚ бірлесіп бірінші рет екі мемлекеттің шекараларын қорғайтын барлық шекаралас аумақтық органдарын және бөлімшелерін трансұлттық қылмыскерлікпен күрес саласындағы шешімдерді орындау бойынша тексеріс өткізілді. Тексерістің нәтижесі Орынборда және Қостанайда шығарылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті