Ресми өкілдің айтуынша, ҰҚК органдары Қазақстанда экономиканың тұрақты өсуіне жәрдем көрсетуді жандандырды.
«Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мемлекетке экономикалық залал келтірудің бірқатар әрекеттерінің алды алынды және айтарлықтай қаржы мемлекет кірісіне қайтарылды. Экономика саласында 285 қылмыстық іс қозғалды»,-деді ол.
Мемлекет іске асырып жатқан экономикалық бағдарламалар аясында анықталған ел экономикасына төнгелі тұрған қауіп-қатерлер мен тәуекелдер бойынша инстанцияларда қажетті іс-қимылдар шаралары ұйымдастырылды.
Кәсіпкерлерді шенеуніктер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінен арашалау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бопсалау және пара алу үстінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасының, Алматы қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы өртке қарсы қызметі департаменттері бөлімдерінің басшылары ұсталды. Қаржы полициясы қызметкерлеріне, соның ішінде кәсіпкерлерден алым алу жүйесін ұйымдастырған Қаржы полициясының Алматы қалалық департаментінің басқармасы бастығының орынбасары Қыстаубаевқа қатысты айыптау үкімдері шығарылды.
Көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылданды. Ұйымдасқан экономикалық контрабанда және салықтық қылмыстар деректері бойынша 46 қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстың ұйымдасқан формаларымен байланысты шикізат ресурстарын талан-таражға салудың тұрақты қылмыстық сызбалары жойылды.
«Қазтрансойл» АҚ кен орындарынан және мұнай арналарынан мұнай ұрлаудың жолы кесілді. Аса ірі көлемдегі көмірсутектерін талан-таражға салғандары үшін «Энергорезерв Петролеум» ЖШС құрылтайшылары айыпқа кесілді. Мұнайды талан-таражға салу дерегі бойынша «Мақатмұнайгаз» және «Мақат мұнай өнімдері» компанияларының жұмысшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды. «ГМК Казахалтын» АҚ шахталарынан алтын құрайтын шикізатты заңсыз өндіру және жасырын цехтарда байытылған минералдық концентраттарды шет елге сату деректері ашылып, тергелуде. Металл өнімдерін талан-таражға салумен айналысып келген тұрақты қылмыстық топтың іс-қимылдарының жолы кесілді. Қозғалған қылмыстық іс бойынша 13 тұлғаға айып тағылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті