ҚР Жоғары сотының төрағасы республикалық соттар жұмысының жақсара бастағанын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғары сотының төрағасы республикалық соттар жұмысының жақсара бастағанын атап өтті

ҚР Жоғары сотының төрағасы республикалық соттар жұмысының жақсара бастағанын атап өтті

Жергілікті соттарға келіп түскен қылмыстық істер мен арыз-шағымдардың 29,4 процентке артқанына қарамастан, процессуалдық мерзім туралы талапты бұза қаралған істер саны үш есе азайды. Бұл туралы, бүгін, 19-тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде ҚР Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми хабарлады.

  • 19 Тамыз 2003
  • 484
Фото - Caravan.kz

ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, Қайрат Мәми мемлекет басшысына республикалық соттардың 2003-жылдың бірінші жартысындағы жұмыс қорытындысын таныстырған. Сондай-ақ, Елбасымен кездесу барысында судьялыққа кандидаттарды жоғары оқу орнынан кейінгі дайындықтан өткізу мақсатымен ҚР Жоғары сотының жанындағы сот академиясының базасында магистратура ашу қажеттігі туралы әңгіме қозғалды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев присяжныйлар сотын қолданысқа енгізуге дайындық жұмыстарының барысына және Есілдің солтүстік жағалауында салынып жатқан ҚР Жоғары соты ғимаратының салыну барысына назар аударды.

Соңғы жаңалықтар