ҚР жол көлік апаты салдарынан он бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР жол көлік апаты салдарынан он бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

ҚР жол көлік апаты салдарынан он бір адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында жол көлік апаты салдарынан он бір адам қаза тауып төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 11 Сәуiр 2008
  • 543
Фото - Caravan.kz

Шығыс Қазақстан облысында (Аягөз ауданы, Алматы — Өскемен көлік жолының 732 шақырымында) 10 сәуірде 01 сағат 30 минутта екі көлік соқтығысты.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша жол көлік апаты салдарынан төрт адам ауыр жарақат алып оқиға орнында көз жұмды, ал екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ ақпараты бойынша Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 10 сәуірде 16 сағат 10 минутта Фольксваген» көлігі өз бағытымен кетіп бара жатқан «ZHONGTONG» жолаушы автобусымен қақтығысты.

«Фольксваген» жеңіл көлігінің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы алған ауыр жарақаттардан қаза болды, ал автобустың бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ТДМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Павлодар — Қызылорда көлік жолының 927 шақырымында 10 сәуірде 17 сағат 40 минутта Қарағанды облысының Сарань қаласында «Мицубиси» және «ГАЗ-3110» көліктерінің қақтығысы болды.

Апат салдарынан екі адам оқиға орнында қаза болды. Ал аман қалған бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті