«Жалпы бірінші тоқсандағы инфляция көрсеткіштері, біз жоспарлаған деңгейде тұр. Яғни, бір жыл бойы белгілеген бірсандық көлемде ұстап оны 10 пайыздан асырмауымыз керек», — деді Б.Сұлтанов.
Оның пікірінше, бірінші тоқсандағы инфляция көрсеткіші (2,5%) оны ауыздықтауға болатынын көрсетіп отыр».
«Бұған бірнеше факторлар әсер етуде, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары да кіреді «, -деп атап өтті министр.
Ол еске салғанындай, үкімет агроөнеркәсіп кешенін қолдау мақсатында қосымша шараларды қабылдады, өйткені бұл «халықаралық азық-түлік нарығындағы жағдаймен байланысты».
«Экономика мен АӨК қолдау үшін биылғы жылдың бірінші тоқсанында бөлінген қаржы биылғы жылдың өзінде көкөніс өнімдері бағаларын тежеуге мүмкіндік береді «, — деп есептейді ЭБЖМ басшысы.
«Биылғы жылдың өзінде бұл қолдаудың нәтижесін көре алатын боламыз, ал жалпы қосымша қаржы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ кезеңінің жүйесін қалайтын болады «, -деп мәлімдеді Б. Сұлтанов.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, биылғы жылы үкімет аграрлық секторға қосымша 64 млрд теңге бөліп, оның 40,9 млрд теңгесі жарғылық капиталды толтыруға және «ҚазАгро» Ұлттық холдинг АҚ еншілес компанияларын несиелендіруге жұмсалады. Тағы да 17,2 млрд теңге АӨК негізгі салаларының дамуына бағытталса, 6 млрд теңге мемлекеттік ресурстарға қосымша бидай сатып алуға бөлінді. Сонымен қатар «Қазына» ТДҚ екінші деңгейлі банктер арқылы несиелік ресурстар тапшылығын толтыру үшін АӨК тікелей несиелендіру үшін 24 млрд теңге бөлді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті