Қуандық Бишімбаев «Халықтық ІРО» аясында компанияның кем дегенде 5-10 акциясын сатып алғанды жөн деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қуандық Бишімбаев «Халықтық ІРО» аясында компанияның кем дегенде 5-10 акциясын сатып алғанды жөн деп санайды

Қуандық Бишімбаев «Халықтық ІРО» аясында компанияның кем дегенде 5-10 акциясын сатып алғанды жөн деп санайды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаевтың пайымдауынша, «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында компанияның кем дегенде 10 акциясын сатып алған жөн. Оның сөзіне қарағанда, бір акция құны 725 теңгеге бағалануы - бұл қолайлы баға. Осы тұрғыдағы мәселелер бірнеше мәрте талқылаудан өтті. «Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары акция бағасынан басқа, брокерлік қызметтер үшін алынатын комиссияның болатындығын назарда ұстауы қажет»,-деді Қ. Бишімбаев Үкімет отырысынан кейін журналистер сауалына жауап беру кезінде. Оның пайымдауынша, сондықтан азаматтар өздерінің инвестицияларының сомасын анықтай келе, яғни акцияларды сатып алу кезде, оның тиімділігін ескерген ықтимал. Мәселен, брокерлік комиссияның ең төменгі ақысы - 500 теңге екенін ескергенде, болашақ табыстың есебінен ол шығынды ақтау үшін, кем дегенде 5-10 акция сатып алу қажет. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында акциялары орналастырылатын алғашқы компания болатындығы жөнінде шешім шығарылды. 29 қазанда «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қордың директорлар кеңесінің отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының құны, көлемі және орналстыру құрылымы бекітілді. Компанияның қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңгені құрайды. Жеке тұлға 7 млн. теңгеге дейінгі кез келген сомада акцияларды сатып алуға құқылы.

  • 30 Қазан 2012
  • 276
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаевтың пайымдауынша, «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында компанияның кем дегенде 10 акциясын сатып алған жөн. Оның сөзіне қарағанда, бір акция құны 725 теңгеге бағалануы — бұл қолайлы баға. Осы тұрғыдағы мәселелер бірнеше мәрте талқылаудан өтті. «Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары акция бағасынан басқа, брокерлік қызметтер үшін алынатын комиссияның болатындығын назарда ұстауы қажет»,-деді Қ. Бишімбаев Үкімет отырысынан кейін журналистер сауалына жауап беру кезінде. Оның пайымдауынша, сондықтан азаматтар өздерінің инвестицияларының сомасын анықтай келе, яғни акцияларды сатып алу кезде, оның тиімділігін ескерген ықтимал. Мәселен, брокерлік комиссияның ең төменгі ақысы — 500 теңге екенін ескергенде, болашақ табыстың есебінен ол шығынды ақтау үшін, кем дегенде 5-10 акция сатып алу қажет. Бұдан бұрын хабарланғандай, Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында акциялары орналастырылатын алғашқы компания болатындығы жөнінде шешім шығарылды. 29 қазанда «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қордың директорлар кеңесінің отырысында «ҚазТрансОйл» АҚ-ның жарияланған қарапайым акцияларының құны, көлемі және орналстыру құрылымы бекітілді. Компанияның қарапайым бір акциясының бағасы 725 теңгені құрайды. Жеке тұлға 7 млн. теңгеге дейінгі кез келген сомада акцияларды сатып алуға құқылы.


Соңғы жаңалықтар