Бұл туралы боксшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"Достар, 25 желтоқсанда мен Алматыдағы жекпе-жекте өнер көрсетпеймін! Жекпе-жек өтпейтін болды!", — деді ол жазбасында. Оқырманының "неліктен олай болды?" деген сұрағына боксшы: "Білмеймін, мен жекпе-жекке дайын болғанмын! Кардтан шығарып жіберді", — деп жауап берді Хамитов. Бұған дейін Хамитов пен тәжікстандық Нурулло Алиев жеңіл салмақта GFC белбеуіне таласатыны хабарланған. Құрметті қонақ ретінде турнирге UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов келуі керек болған. © instagram/kuat__khamitov Ал "Спорт ақпарат орталығының" мәліметінше, тажікстандық файтер оны Қазақстанда жеңіс бермеуі мүмкін деген оймен турнирге қатыспайтынын мәлімдеген. "Мен бұл жекпе-жекке Қуат GFC ережесі бойынша бұл шайқасқа лайық адам емес екеніне қарамастан, мықты қарсылас болғандықтан ғана келістім. Бірақ турнирге аз уақыт қалған кезде GFC басшылығы мен Қуаттың командасы жекпе-жек шартын өзгертіп жіберді. Бұл тіпті шарт емес, ультиматум, 13 желтоқсанда Краснодарда болатын жекпе-жек уақытын Қазақстанда 25 желтоқсанда болатын турнир уақытына өзгертуімді талап етті. Бәрімізге белгілі, қазақстандық төрешілер әділ емес. Сондықтан біреудің арнайы жоспары бойынша жүретін және ойын нәтижесі алдын ала белгілі жекпе-жекте күрескім келмейді", — деп мәлімдеді Нурулло Алиев Instagram желісіндегі парақшасында. © instagram/nurullo_aliev Gorilla Fighting Championship президенті Александр Гурьянов Алиевтің шешімін қолдайтынын жеткізген. Президенттің сөзінше, олар Қуат Хамитовке жаңа қарсылас іздестіреді.