Жарияланды: 580

Құда мен құдағиды тойда төсекке жатқызып, аймаластырып-сүйістіру қайдан шыққан ырым? (видео)

Құда мен құдағиды тойда төсекке жатқызып, аймаластырып-сүйістіру қайдан шыққан ырым? (видео)

Егде жастағы әйел мен ер адамның құдалық тойда құшақтасып, сүйіскендері желіде қызу талқыланып жатыр. Той қонақтары да олардың бұл әрекетіне қошемет білдіріп, үстілеріне көрпе жабуда. Көзге қораш көрінетін бұл ырымның еліміздің қай өңірінде жасалғаны әзірге белгісіз.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Экспресс К-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Көрер көзге ұят ырымның видеосы Youtubе-тегі KYN.KZ арнасында жарияланды. Онда құдалыққа келген адамдар әйел мен ер адамның оғаш әрекетіне мәз болып, қошемет көрсетуде. Ал төсекте жатқан екеу еш қымсынбастан бір-бірін аймалап, сүйісіп жатыр.

Көптің көзінше ұятсыз әрекет жасаған ересек адамдардың бұл қылығын сынап, түрлі пікір қалдырғандар жетерлік.

"Бұл қайдан шыққан түсініксіз салт?", "Құдай сақтасын! Қуады екен мыналар", "Алла кешірсін сендерді", "Масқара! Осы қазақтың жеңгемен ойнау, жездемен ойнау дегені де дұрыс емес",— деп жазды желі қолданушылары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін