Құдай бар болса, мені неге қинайды? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құдай бар болса, мені неге қинайды?

Құдай бар болса, мені неге қинайды?

Құдай бар болса, мені неге қинайды?

  • 19 Қыркүйек 2018
  • 106
Фото - Caravan.kz

Әссәләмуалейкум! Менің сізге қояр сұрағым — Бір кластасым айтады: «Құдай жоқ», — деп – «Құдай бар болса неге мені сонша қинап қояды? Басқа адамдар қиналмай өмір сүреді. Мен болсам көргенім қиындық. Қыздарымды асыраймын. Күйеуіммен ажырасып кеттім», — дейді.

Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!

Алла Тағала Құран Кәрімде: «Адамдар "иман еттім" деумен (яғни, Құдайға сендім деумен), сыналмай қоя беріледі деп ойлай ма?!"[1], — деп ескертеді. Құдай Тағала сүйген пендесін сынайды. Ондағысы бір шетінен — адамның бойындағы ұйықтап жатқан күш-жігерін оятып, шындалсын, осылайша, өмірге бейімделсін дегендік болса, екіншіден — пендешілікпен жасаған қателіктеріміз, күнәларымыз кешірілсін дегендік. Өйткені, жүзуді үйрену үшін суға түсу керек.

Қалай болғанда да, Алла Тағала пендесіне күші жетпейтін жүкті жүктемейді. Құранда: «Алла әр жанға тек күші жететін нәрсені міндеттейд», — делінген[2]. Есесіне, қиындыққа мойымай, табандылық танытқан жанға кейіннен екі есе жеңілдік барын уәде еткен «Нәшрах» сүресінде[3].

Сондықтан, жаман ойға берілмегені дұрыс. Жұмысын істеп, болашаққа үмітпен қарағаны жөн. Адам қиналғанда неше түрлі ойлар келеді. Олардың бәрі шайтан малғұнның уәсуәсі. Шайтанның жаман ой салғанына алданбай, Құдайдан үмітін үзбесін. Әлі-ақ Алла Тағала оған қуаныш сыйлайтынына сенімдімін: 
«(Уайымдама) Раббың сені тастамады, əрі ұнатпай қоймады. (Біле білсең) сен үшін ақырет өмірі — бұ дүниеден артық. (Қам жеме,) Раббың саған жуырда сен риза болатын (жақсылықты) міндетті түрде береді".
 [Құран Кəрім, «Дұха» сүресі 5 аят].


[1] Құран Кәрім: Анқабут сүресі, 2 аят.
[2] Құран Кәрім. Бақара сүресі.
[3] Құран Кәрім. Нашрах сүресі: "Негізінде ауырлықпен бірге жеңілдік бар. Сөзсіз, ауырлықпен бірге жеңілдік бар". 

Абдусамат Қасым

islam.kz 

Соңғы жаңалықтар