Құдай маған соңғы уақытта сұрағанымды беруде - Ләйлә Сұлтанқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құдай маған соңғы уақытта сұрағанымды беруде - Ләйлә Сұлтанқызы

Құдай маған соңғы уақытта сұрағанымды беруде - Ләйлә Сұлтанқызы

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы барлық тілектерінің тез арада орындалып жатқанын айтты. 

  • 15 Тамыз 2019
  • 143
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Керек қылған нәрсеңізді күнде қайталап жүрсеңіз бәрі болады, дейді Ләйлә ханым. 

"Құдай маған соңғы уақытта сұрағанымды беруде. Жиі, арасын алшақтатпай, көп уақыт өткізбей, шүкір!

Күнде таңертең және кешке 1 апта бойы өзіме керек сөзді қайталаймын. Келесі апта жаңа сөзді айтамын. Мысалы, осы аптадағы сөзім: "Мені керек уақытта керек жерде керек адамдардың қасына апара көр!" #вуаля тұп-тура керек жердің үстінен түсемін.

Сосын әр алған кері байланысым мен нәтижем үшін алғыс айтамын! Алғыс айтқан сайын жеңілдене түседі. Көңілім көтеріле түседі. Кейде қалқып жүргендей боламын. Аяқ алысым өте жеңіл. Жан, тән, ақыл үйлесімділігі, яки, ішкі тыныштық деген осы болар! Бұл сезімді қалай атаса да болады!

Ең бастысы мұндай эйфорияда жүргенде жегідей жейтін өзімізді жайымызға қалдырамыз. Өзіңді жайыңа қалдырған соң, тіпті жұртта шаруаң да болмайды. К-кайф", деп жазды. 

Соңғы жаңалықтар