"Құдайды іздеп, қайдан тапты екен? Мекен жайын айтыңызшы": Желіде Құдайдың қайда екені тартысқа айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдайды іздеп, қайдан тапты екен? Мекен жайын айтыңызшы": Желіде Құдайдың қайда екені тартысқа айналды

"Құдайды іздеп, қайдан тапты екен? Мекен жайын айтыңызшы": Желіде Құдайдың қайда екені тартысқа айналды

Әлеуметтік желіде халық арасында Құдайдың қайда екендігі жайлы пікірталас жүрді. 

  • 11 Қараша 2022
  • 1075
Фото - Caravan.kz

Елімізде оқушылардың мектепке орамал тағуына байланысты фейсбук желісінде Ораз Әлімбеков қарсылығын жазды, деп Caravan.kz медиа порталы.

"Құдай орамалдың ішінде ме?

Қазақстандағы дінкеш ата-аналар мектепте оқушы қыздарының «шариғатқа сай» киініп жүруіне рұқсат беруді Білім министрлігінен талап етіп жатыр. Әзірге орамал тартуға рұқсат беруді талап етіп жатқан жоқ, еш болмағанда шұбатылған ұзын көйлек кисін дейді. Бала деген емін-еркін, асыр салып ойнап өсу керек қой. Шұбатылған көйлекпен бала қалайша еркін қимылдайды?! Қыз баланы тұмшалап тастап, оның ерік-жігерін басып-жаншудың не қажеті бар?!

Хиджаб атаулы, бүркеніп киініп алу о баста құм суырып тұратын аңызақ Араб түбегінің қатал табиғатынан қорғанатын киім емес пе еді. Басқаша айтсақ, арабтардың киіну дәстүрі. Сол дәстүрді дін атрибуты ретінде қазаққа таңудың не қажеті бар?!

Мұны былай қоялық, тым болмаса Иранда болып жатқан қасіретті оқиғалардан сабақ алмай ма? «Шариғатпен жүреміз» деп, жұртты алдап билікке келіп алған молдалар хиджабты бүткіл парсы халқына таңып тастады. Соның кесірі қазір қайғылы оқиғаға апарды. «Ислам сақшылары» «шариғатқа сай киінбедің деп» жап-жас қызды қорлап өлтірді. Соған ызаланған халық көтеріліс жасап жатыр. Көтерілісшілерді жазалау кезінде жүздеген оқушы мерт болды. Иранның дінкеш билігі хиджабқа қарсы көтеріліс жасағандардың бәрін қырып-жоймақшы. Бұл жағдай еркіндік жолында өлген құрбандардың санын тағы еселей түседі. Осындай қасіретті көре тұра, қазақстандық дінкеш ата-аналардың мынандай талап қоюы ақылға қонбайды. Олар бүгін шұбатылған көйлек киюді талап етсе, ертең хиджаб керек дейді, бүрсүгіні оқушы қыздарды пәренджеге орап қоюды ұрандап сұрайды. Олардың талабын орындай берсең, Қазақстанның Иран секілді болып кетуі аз ғана уақыттың еншісінде. Содан кейін «шариғатқа сай» немесе «шариғатқа сай емес» деп өзара қырылысып жатамыз ба?

Дін деген орамал немесе шұбатылған көйлек емес. Дін деген Құдай ғана. Ол санадағы сенім, ақылға жүгінген иман, шайқалған мынау дүниедегі рухани тірегің. Құдайды орамал, яки, пәрендже секілді шүберектің ішінен таппайсың. Осыны түсінетін уақыт келді ғой. Эх, бірі кем дүние", деп жазды. 


"Өзгенің каңсығын таңсық қылған бұл не сұмдық тағы. Байқасыздар ма? Шолақ шалбарды жастарға "мода " қылып таратты. Қыз-жігіттер тобығын жалтыратып, қысы-жазы шолақ шалбармен шолтаңдады. Көрмеске салындық. Енді суйретілген "қара қап " бұл не тағы. Қашанғы көрмес боламыз", "Азып болдық", "Құдайды іздеп, қайдан тапты екен. Мекен жайын айтыңызшы", деп жазды оқырмандар.  

Соңғы жаңалықтар