Жарияланды: 180

Құлпытасқа аят, сүре жазуға бола ма?

Құлпытасқа аят, сүре жазуға бола ма?

Құлпытасқа аят, сүре жазуға бола ма?

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Islam.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ислам ғалымдары бейіт басына, ондағы құлпытастарға Құран аяты мен сүрелерді, сондай-ақ Алланың есімдерін жазуды құп көрмеген. Үкімі мәкруһ. Өйткені, уақыт өте келе жазылған аяттар аяқ асты болып кету қауіпі бар. Және де құлпытастарға өлең немесе дерексөздер (цитата) жазуды да ғалымдарымыз мәкруһ санайды. Себебі, Алла елшісінің қабірге жазу жазудан тыйғандығын сахаба Жәбир (р.а) былай деп айтып кеткен:

«Пайғамбарымыз (с.а.у.) қабірлердің әктелуін, жазу жазылуын, мазар тұрғызылуын және аяқпен басылуын тыйды» [1].

Алайда, құлпытасқа мархұмның аты-жөнін жазуға рұқсат, бірақ суретін бейнелеуге болмайды.

Осы орайда айта кету керек, құлпытастың өзін де барынша қарапайым етіп жасатқан абзал. Қажеттен тыс биіктетіп, қымбат тастардан орнатудың қажеті жоқ. 

Абдусамат Қасым

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін