«Құмар ойындар» туралы заңға енгізілген түзетулер тек букмекерлерге ғана емес, сонымен бірге азаматтардың құқықтарына да қарама-қайшы
Алматыда Қазақстанның жетекші букмекерлік кеңсе басшыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Тəжерибелі кəсіпкерлер қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінде талқыланып жатқан «Ойын бизнесі» туралы Заңға түзету жобаларын жасаушылардың «қателіктері» туралы айтты. |
«Біз букмекерлік кассаларын жəне ойын алаңдарын Қапшығай мен Бұрабайға шығару жайлы енгізілген түзетулерді қолдамаймыз. Біз оның бұл заң жобасына енгізілуіне қарсылық білдіреміз»,-деді «Тенниси» букмекерлік кеңсесінің директорының орынбасары Сергей Казаков.
Осыған ұқсас түзетулер бұрын қаралғанын жəне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21-шілдедегі (№20-11/2179) қорытындысында букмекерлік кассаларды ойын алаңдарына орналастыру туралы ұсыныс қолдау таппағанын атап өткен жөн. Жағдай 2018 жылы жəне 2019 жылдың басында қайталанды, əркезде кеңселерді «сыртқа шығару» туралы ұсыныс қараудың бастапқы кезеңдерінде-ақ алынып тасталды.
«Сонымен, неге бұрыннан қалыптасқан ұстаным жəне бұрын дауласқан мəселе қайтақайта туындауы керек? Бұл түсініксіз. Парламентте өткен жұмыс топтарының құзіретіне жəне Үкіметтің қорытындысына күмəн келтіретін бұрын талқыланған мəселені кім жəне неге қайта-қайта көтеріп отыр?»-деп толықтырды Сергей Казаков.
Сонымен қоса, əлемдік тəжірибе жəне ТМД елдерінің тəжірибесі букмекерлік кеңселерді кез-келегн арнайы аймақтарға апарудың қажеті жоқ екенін көрсетеді. Дамыған елдерде олар мұндай шаралар саланы реттемейтінін, оны тек бұзатынын түсінеді.
Мүмкін букмекерлер казино мен лотереяны шатастыруы мүмкін. Бірақ, бұл мүлдем əртүрлі бағыттар. Алайда, мұндай кассаладың болмауы мемлекетке айтарлықтай шығын əкеледі деп ойлайтын адамдар аз.
Біріншіден, бұл салық түсімдердінің қысқаруы. 2018 жылы бəс тігетін компаниялар шамамен 16,5 млрд теңге салық төледі, 2019 жылы бұл көрсеткіш шамамен 20 млрд теңгені құрайды. Бір мезетте көшеде 5000-ға жуық букмекерлік кеңселердің қызметкерлері жұмыссыз қалады (бұл 21 мен 30 жас араығындағы жас əйелдер). Қиын əлеуметтік-экономикалық жағдайда бұл жұмыссыздықтың өсуіне əкеледі.
Сонымен қатар, спорт саласында жұмыс істейтін букмекерлер қазір əлемдік аренада ойнайтын Қазақстандық командаларға үнемі қолдау көрсетіп отырады. Олар сонымен қоса, болашақ чемпиондарды тəрбиелеуге, спортшылардың жаңа буынын дайындауға үнемі қаражат бөліп отырады. Егер бұл нарық «жойылып кетсе», өкінішке орай, спортшылар жақсы жəне тұрақты қолдаусыз қалады.
«Осы жылдың наурыз айында біз Олимп букмекерлік кеңсесімен демеушілік келісімге қол қойдық. Біз серіктес болуымызға қуаныштымыз, өйткені біздің серіктес Қазақстанда спортты жан-жақты дамытуға өз үлесін қосуда. Бүгінгі таңда «Қайрат» – ең сəтті командалық жоба жəне əлемнің ірі футзал турнирлерінде ел намысын абыроймен қорғауда. Біздің серіктестерімізідің мүдделері футзалмен шектелмейді, олар спорттың барлық түрлерін дамытуды, жас таланттарды іздеуді жоспары, Қазақстан мəдени мүрасында да қызықты жобалары бар. Өкінішке орай, Қазақстандық спортта барлығы тек мемлекеттік қолдауға сүйенеді. Бірақ, əлемдік тəжірибеде демеушілік жəне спорт əрқашан бірге.», - деді АФК «Қайрат» президенті Қайрат Оразбеков.
Ол мұндай маңызды демеушіні жоғалту Қазақстанның спорттық жетістіктеріне айтарлықтай əсер етеді деп қосты.
«2007 жылдан 2019 жылға дейін ставкалар нарығының даму динамикасында бəстің даму шыңы 2015 жыл болды (бұл ел бойынша 3 мыңнан астам кассалар болды) деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қазір олардың саны 500 кассадан аспайды, яғни 6 есе аз. Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне Спорт министрлігі 2017 жылы түзетулер жобасын əзірлеу кезінде букмекерлік кеңселерге берілген лицезиялардың саны 80 бірлікті құрады, ал Парламент Мəжілісінде осы заң жобасын қарау кезінде берілген лицензиялардың саны қазірдің өзінде 47-ге жетті. Жергілікті бизнесмендер үшін де, инвесторлар үшін де заңнамаға сəйкес кемшілігі –салықтың үлкен коэффициенті. Қазір ол 57% құрайды. Мен барлық салық есептеулерінің толығымен таза екенін атап өткім келеді», - деді OLIMP букмекерлік кеңсесінің салық менеджері Арай Сагынтай, мұндай жағдайлар болған кезде Қазақстанға бірде-бір инвестор келмейді жəне бірде-бір жеке кəсіп қолдамайтынын қоса айтты.
Жобадағы түзетулердің маңызды кемшілігі – заң шығарушылардың «Жеке мəліметтер жəне оларды қорғау» туралы заңға қайшы келетін бəсті тіркеу орталығын құруға ұмтылуы. Букмекерлердің барлық серверлері Қазақстанда орналасқан, егер мұндай орталық құрылса, билік əр ойыншыға «бақылау» ұйымдастырып, жеке мəліеттерін жинай алады. Нəтижесінде қазақстандықтар шетелдік сайттарға ауысады.
«Біздің букмекерлердің 100% клиенттік базасының шамамен 1-2%-ы жиі ойнайды немесе құмар ойынға əуестенеді. Қалған 98-99%-ы бос уақытта ғана бəс тігеді жəне бұл қалыпты жағдай. Əлемдік тəжірибеде адамдар футбол көріп, өздерінің сүйікті командаларына бəс тігеді, сондықтан біздің клиенттеріміздің 98-99% бəсті тіркеу орталығында олар туралы деребс деректердің жиналуын қаламайды. Бұл біздің тұтынушыларымыздың шет елдік букмекерлік кеңселердің сайттарында бəс тігуге апарады» деді «Фон Бет» букмекерлік кеңсесінің директоры Александр Пястолов.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін