"Құмар ойыннан алған ләззатты әйелімнен ала алмаймын": Отбасылық психолог тосын тақырып көтерді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құмар ойыннан алған ләззатты әйелімнен ала алмаймын": Отбасылық психолог тосын тақырып көтерді

"Құмар ойыннан алған ләззатты әйелімнен ала алмаймын": Отбасылық психолог тосын тақырып көтерді

Белгілі психолог Ержан Мырзабаев қазір әйел еркектен екі саты төмен тұру керек деген ұғымның кейін қалып бара жатқанын айтты. 

  • 14 Наурыз 2023
  • 289
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Сұрау бар" хабарында әңгімелеп берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Мысалы, бұрынғы заманды алатын болсақ, еркек пен әйел статусы тек қана физикалық күшпен ғана сыналатын. Өйткені жау келді бәрін қырып тастады қорғайтын еркек жоқ болатын болса физикалық күш жоқ болатын болса сенің руың, тайпаң қалмайды. Әйел әрине физикалық тұрғыдан ер азаматтан әлсіздеу. Сол тұрғыдан әйел екі саты төмен деп саналады. Қазіргі таңда физикалық айырмашылықты қажет ететін жұмыс түрі азайып бара жатыр. Қазір бәрін техника істеп жатыр. Компьютерді басу ол әйелдің де, еркектің де қолынан келе беретін нәрсе. Соған келе жатыр. Кейбір қасиеттерімен еркек әйелден жоғары болуы мүмкін. Кейбір қасиеттерімен әйел еркектен жоғары болуы мүмкін. Бала дүниеге әкелу дегенмен санасатын болсақ еркектер қанша саты төмен болып кетеміз біз? Біреу жоғары, біреу төмен деген кезде қандай параметрлермен санап жатырсыз сол маңызды", — дейді ол.

Сондай-ақ, психолог құмар ойынның қауіптілігі туралы да айтып өтті. "Осыған байланысты жеке қабылдауға келгендер айтады: "Құмар ойыннан алған ләззатты әйелімнен ала алмаймын" дейді. Соншалық құмар ойынды іліп алған кезде тастай алмайды. Қоя алмайды", — деген ол.


 

Соңғы жаңалықтар