"Adam bol" оппозициялық журналдың жабылуы Қазақстанда БАҚ бостандығы үшін қауіп тудырады - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Adam bol" оппозициялық журналдың жабылуы Қазақстанда БАҚ бостандығы үшін қауіп тудырады

"Adam bol" оппозициялық журналдың жабылуы Қазақстанда БАҚ бостандығы үшін қауіп тудырады

 БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілі Дуня Миятович "Adam bol" оппозициялық журналдың шығарылымына тыйым салуды сынға алды.

  • 27 Қараша 2014
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Бұл қатаң шаралар талапарыз талаптарына сай келмейді. Олар Қазақстанда плюрализмге қауіп келтіреді және ақпарат құралдары өкілдерінің үрейін туғызады», — деп ЕҚЫҰ сайтында орналасқан хабарламада Д.Миятовичтің сөзі келтірілді.
Демократиялық мемлекеттегі ақпарат құралдарының өмірлік функциясы плюрализмге ықпал етіп, пікірталасты ынталандыруда жатыр, дейді ол.
«Қабылданған шаралар осы функцияға және ЕҚЫҰ шеңберіндегі БАҚ бостандығы бойынша міндеттемелерге қарама-қайшы келеді», — дейді Д.Миятович.
20 қарашада Алматының Медеу аудандық соты қалалық әкімдіктің ішкі саясат басқармасының басылымды толық жабу туралы талапарызын қамтамасыз ету үшін "ADAM bol" оппозициялық журналының шығарылуына тыйым салды.