"Алтын адамды" тапқан археолог өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Алтын адамды" тапқан археолог өмірден озды

"Алтын адамды" тапқан археолог өмірден озды

 

  • 13 Маусым 2016
  • 627
Фото - Caravan.kz

Кеше кешқұрым қазақстандық белгілі ғалым, археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетов өмірден озды. Ол "Алтын адамды" алғаш болып тапқандардың бірі. Белгілі тұлғаның мезгілсіз қазасын  Facebook әлеуметтік желісінде ұлдары Мирас пен Арман естіртті, деп жазады Караван.кз сайты. 

"Кеше, 2016 жылдың 12 маусымында 23:30-да менің әкем, аңызға айналған археолог, Найманның ішінде Матайдан тараған Бекмұханбет Нұрмұханбетов өзінің "соңғы" экспедициясына аттанды, ата-бабалардың әруағымен қосылып, Жаратқанның алдына келді, ол бізді бұл өмірде мәңгілікке жетім қалдырып кетті. Топырағы торқа болсын! Иманды болсын!", — делінген жазбада.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов 1935 жылы бұрынғы Талдықорған облысы Ақсу ауданында туған. 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанын зерттеу барысында жас археолог пен оның ғылыми жетекшісі Кемал Ақышев әйгілі жәдігерді тапты. 


Сақ қорғанынан алтын адам мен қатыр төрт мыңнан аса алтын әшекей табылды. Бұған қоса  алтын жүзік, қола және алтын қару, түрлі ыдыстар бар. 

 

Соңғы жаңалықтар