"Атырау Жарық" тоқ соғудан зардап шеккен жеткіншекке 17,5 млн теңге төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Атырау Жарық" тоқ соғудан зардап шеккен жеткіншекке 17,5 млн теңге төлейді

"Атырау Жарық" тоқ соғудан зардап шеккен жеткіншекке 17,5 млн теңге төлейді

  • 16 Наурыз 2016
  • 508
Фото - Caravan.kz

Соттың хабарлауынша, 2014 жылғы 19 сәуірде К.-ның кәмелет жасқа толмаған ұлы қоршалмаған кіші электр стансасының аумағында электр тоғы соғуының салдарынан, ауыр күйіктерімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін оның екі қолына ампутация жасауға мәжбүр болды.

Баланың ата-анасы қазіргі заманғы медициналық көмек көрсету үшін Түркияның Стамбұл қаласындағы "MEDICAREINTERNATIONAL" медициналық орталығына жүгінген. Талап қоюшы К.-ның ұсынған дәлелдемелеріне сәйкес баланы шетелде емдеу шығыны 142 600 АҚШ долларын құраған.


"Сот істің барлық мән-жайын зерделеп, жауапкер «Атырау Жарық» АҚ-дан К.-ның пайдасына баланы емдеуге жұмсалған шығын 17 549 703 теңгені өндірді", — деп ақпараттандырды сотта. 

Сот шешімі заңды күшіне енді.