Таралған ақпаратқа қарағанда, бүкіл жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары 23 сәуір күні аяқталған, бұл Қазақстан энергетика министрлігі бекіткен графиктен үш тәулік ерте.
Осы уақыт ішінде технологиялық жабдықтар, құбырлар, пештер, кабельді жүйелер, электр жабдықтары, негізгі және қосалқы қондырғылар қалпына келтірілді.
"Зауытта мұнайды бастапқы өңдеу қондырғылары іске қосылды, тауар өнімдері шығарыла бастады, қалған өндірістік қондырғылар өндіріс технологиясына орай іске қосылады”, делінген онда. Алдында айтылғандай, жанар жағар май рыногындағы жағдайға байланысты бұл зауыт 2014 жылы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылмаған , жөндеу жұмыстары 2015 жылдың көктеміне ауыстырылған.